Желілерге қосылу үшін құжаттарды алуға өтінімді https://energy.kzharyk.com/ сайты арқылы беруге болады
Сайт арқылы өтінім беру нұсқаулығы НҰСҚАУЛЫҚТЫ ЖҮКТЕУ
Техникалық шарттарды рәсімдеу үшін өтінім беруге арналған өтініштің үлгісі ТШ ӨТІНІШТІҢ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ
Шекараларды бөлу актісін рәсімдеу үшін өтінім беруге арналған өтініштің үлгісі ӨТІНІШТІҢ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ
Өтінім беруге арналған сауалнама парағының үлгісі https://energy.kzharyk.com/docs/questionnaire.docx
Электр желілеріне қосылу үшін құжаттарды рәсімдеу тәртібі
-
Техникалық шарттарды (келісім беруді), уақытша техникалық шарттарды рәсімдеу –https://energy.kzharyk.com/ сайты немесе Мұқанов көш., 57/3 мекенжайындағы №102 терезе арқылы;
-
Сыртқы электрмен жабдықтау жобасын орындау (бір желілік сұлба) – Мұқанов көш., 57/3 мекенжайындағы №102 терезе арқылы;
-
Кернеусіз электр есептегішті тіркеу актісін ресімдеу– аудандар бойынша Өтім қызметтері Мұқанов көш., 57/3-үй мекенжайындағы № 106,108,110 кабинеттер бойынша;
-
Тұтынушының құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) орындауы, оның ішінде электр энергиясын есепке алу аспабын орнату;
-
Теңгерімдік тиесілігін ажырату актісін (ШБА) алу (техникалық шарттардың барлық тармақтары орындалғаннан кейін): Қарағанды қ., Мұқанов көш., 57/3-үй, 4 қабатты ғимарат, Кеңсе.
-
«Қарағанды Жарық» ЖШС электрмен жабдықтау шартын жасасу, төмендегі мекенжайлар бойынша:
Қарағанды қ., Лобода көш., 35А-құрылыс
Шахтинск қ., Ленинградская көш., 69
Абай қ., Абай көш., 32А
Саран қ., Жеңіс көш., 28А
Теміртау қ., Республика даңғ., 41/3, 117-каб.
1.1 Жаңадан енгізілетін объекті үшін техникалық шарттар алуға құжаттардың тізбесі.
-
Объекті иесінің меншік құқығын растайтын құжаттардың: Шарттың (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбас, жалдау, және т.б.), жерге актінің, ХҚКО тіркелген құқықтар туралы анықтаманың көшірмесі.
-
Өтінім берілген қуаттың негіздемесі (электр жүктемесін есептеу: Мұқанов көш., 57/3-үй).
-
Сенім жүктелген тұлға дайын құжаттарды алған кезде өзімен бірге: құжаттарды ресімдеу құқығына нотариаттық сенімхаттың және жеке куәліктің көшірмелері болуы қажет.
-
Жағдаяттық жоспар (объектінің орналасу нүктесін көрсете отырып).
1.2 Келісім алу үшін құжаттардың тізбесі
-
Объекті иесінің меншік құқығын растайтын құжаттардың: Шарттың (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбас және т.б.), жерге актінің, ХҚКО тіркелген құқықтар туралы анықтаманың көшірмелері.
-
Электр желілерінің теңгерім ұстаушыларынан техникалық шарттардың көшірмесі.
-
Өтініш берушінің электр қондырғыларына қуат беруші ұйымның қолданыстағы техникалық шарттарының көшірмесі.
-
Өтінім берілген қуаттың негіздемесі (электр жүктемесін есептеу: Мұқанов көш., 57/3-үй, 101-кабинет).
- Сенім жүктелген тұлға дайын құжаттарды алған кезде өзімен бірге: құжаттарды ресімдеу құқығына нотариаттық сенімхаттың және жеке куәліктің көшірмелері болуы қажет
-
Жағдаяттық жоспар (объектінің орналасу нүктесін көрсете отырып).
1.3. Техникалық шарттарды қайта ресімдеу үшін құжаттардың тізбесі
-
Объекті иесінің меншік құқығын растайтын құжаттардың: Шарттың (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбас және т.б.), жерге актінің, ХҚКО тіркелген құқықтар туралы анықтаманың көшірмелері.
-
Өтінім берілген қуаттың негіздемесі (электр жүктемесін есептеу: Мұқанов көш., 57/3-үй, 101-кабинет).
- Сенім жүктелген тұлға дайын құжаттарды алған кезде өзімен бірге: құжаттарды ресімдеу құқығына нотариаттық сенімхаттың және жеке куәліктің көшірмелері болуы қажет
-
Жағдаяттық жоспар (объектінің орналасу нүктесін көрсете отырып)