Тарихы
1947 жылғы 31 желтоқсанда Қарағанды орталық электр станциясы пайдаланатын электр желілерінің негізінде «Карагандаэнерго» жоғары вольтті желілерінің Қарағанды кәсіпорны ұйымдастырылды. Жоғары вольтті желілерді ұйымдастыру кезінде кәсіпорынның балансында 35/6-10 кВ 5 төмендеткіш станция, жалпы белгіленген қуаты 69,7 мың кВА ТШС және трасса бойынша жалпы ұзындығы 118 км болатын 110/35/6/3кВ АЖ болды. Кәсіпорында 144 адам жұмыс істеді.
Кәсіпорынның жаңа тарихы 1999 жылдың 1 қаңтарында «Карагандаэнерго» негізіде «ҚЭЖТК» ААҚ құрылған кезде басталды, құрамында «Жоғары вольтті электр желілері» және «Төменгі вольтты электр желілері» бар «Караганда Дистрибьюшн» ЖШС бөлінді.
2003 жылдың 1 наурызында «Жоғары вольтті электр желілері» және «Төменгі вольтті электр желілері» негізінде «Қарағанды Жарық» ЖШС құрылды. Компанияның негізгі қызметі электр энергиясын жеткізу және тарату, электр желілері мен шағын станцияларды пайдалану болды (30.12.2003 жылғы №002217 лицензия).
2003 жылдан бастап компания тарихында бірнеше үлкен кезеңдер болды. Олардың бірі сөзсіз 2008-2010 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама болып табылады:
- Қарағанды қаласының 110 кВ сыртқы электр желілерін дамыту, оның ішінде:
ЖЭО-3-тен «Жарық» ШС дейін 110 кВ (габариттері 220 кВ) ауа желілерін (АЖ), 220/110/10 кВ «Жарык» ШС бастап 110/35/6 кВ «Новый Город» ШС дейін 110кВ АЖ салу; - Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу (ЭКЕАЖ).
- Тұрмыстық тұтынушылардың есепке алу аспаптарын жаңғырту.
- 110-35 кВ ШС электр энергиясын есепке алудың өлшеуіштік тоқ трансформаторларын жаңғырту
- Арнайы техника мен автотехника сатып алу.
- Трансформаторларды жөндеу цехын салу.
- Орталық диспетчерлік пункт салу.
2011-2015 жылдардағы соңғы аяқталған инвестициялық бағдарлама аясында келесі іс-шаралар орындалды:
1) Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу (АСКУЭ) 2,3-кезең;
2) 220/110/10кВ «Жарык» ШС электр желілерін салу және қосу
3) 35-110 кВ АЖ қайта салу, салу:
- 110 кВ "ЖЭО-3 -Сантехническая-2" АЖ салу
- 110 кВ "ГРЭС-1 - ТЭЦ-2" АЖ салу.
- 110кВ "Н.Город-Сантехническая"1,2 т. АЖ салу
- 35кВ "Сантехническая-Верхний Сокур" АЖ - бастап ПТФ тармақты қайта салу.
- 110кВ "Новый Город - Федоровка" АЖ қайта салу.
35-110 кВ ШС қайта салу, салу:
- "Юго-Восток" ШС жобалау және қайта салу
- "Ботаническая" ШС жобалау және қайта салу
- 110/35/6кВ "Сантехническая-2" ШС салу
- "Новый город" ШС жобалау және қайта салу
- "Мелькомбинат" ШС жобалау және қайта салу
- "Новая Дубовка" ШС жобалау және қайта салу
- "Костенко" ШС жобалау және қайта салу
10-0,4кВ электр желілерін қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру:
- 10кВ КЖ қайта салу, 13,27 км.
- 0,4кВ КЖ қайта салу, 21,28 км.
- 10кВ АЖ қайта салу, 8,55 км.
- 0,4кВ АЖ ӨКОС қолданумен қайта салу, 607,7 км.
- ТШС, ЖТШС қайта салу, 59 дана.
- 203132 дана есептеу аспаптары.
-– 10кВ КАЖ салу, 244,47 км.
- ЖТШС салу, 291 дана.
- 10/35кВ ШС ұяшықтарды монтаждау, 21 дана.
- ТП салу, 23 дана.
- Автотехника алу.
- Өлшеуге және диагностикалауға арналған аспаптар.
- Шағын станциялардың УҚТ құралдарын қайта салу
Қазіргі таңда «Қарағанды Жарық» ЖШС құны 20 миллиард теңгеден асатын 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыруда. Оны іске асыру тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.