Skip to main content

Кайдзен жүйесінің жұмыс істеуі бойынша жұмыс тобының отырысы.

   «Қарағанды Жарық» ЖШС Кайдзен жүйесінің жұмыс істеуі бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс барысында 2023 жылғы есеп тыңдалды. 

2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта қызметкерлерден төмендегідей ұсыныстар түсті:

  • «Келісу жолдарының санын қысқартып, іссапарлар бойынша қызметтік жазбаларды келісу процесін автоматтандыру.» 

  •  «Компания персоналын оқыту мен біліктілігін арттыруды (іліп қоюшы, қысымды ыдыстар, краншылар, алғашқы көмек көрсету және т.б.) қыс айларына ауыстыру»

  • «Кәсіпорынның іс қағаздарын, компанияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерін екі тілде жүргізуді» енгізу.

  • «Мұқанов көшесі, 57/3 мекенжайындағы кеңсе ғимаратында пайдаланылған батареяларды жинауға арналған контейнер орнату»

Кайдзен жүйесінің жұмыс істеуі бойынша жұмыс тобының отырысы.

  Сондай-ақ комиссия ұжымдық ұсыныстарды қарастырып, орындау бойынша нұсқаулар беруде. Осылайша, ұжымдық ұсыныстардың біріне қалалық бюджет есебінен «Жана Жарық» жабық аялдама павильоны орнатылып, қала әкімінің шешімімен аялдама бекітілді.

№2 орынтұрақтан бастап кеңсенің негізгі тұрағына дейін тротуар плиталарын төсеу бойынша екінші ұжымдық ұсынысқа жоба мен смета әзірленіп, пайдалануға берілді. 

Жұмыс соңында кәсіпорынның қызметімен танысу шеңберінде комиссия Степная шағын станциясына барды. 

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ