Әр адам үшін үйдегі жарық пен жайлылық маусымға және тәулік уақытына қарамастан тіршілікті қамтамасыз етудің негізгі компоненттерінің бірі болып табылатыны анық. «Қарағанды Жарық» ЖШС басты мақсаты тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтаумен қамтамасыз ету болып табылатыны сөзсіз. Қазіргі уақытта барлық тұрмыстық техника, компьютерлер, ұялы телефондар, тіпті электр қозғалтқыштарымен жабдықталған кейбір автомобильдер электр қорегін қажет етеді.
Тұтынушыларды тұрақты және сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін «Қарағанды Жарық» ЖШС жыл сайын өзінің электр желілік кешенін техникалық жаңғыртуды және жаңартуды жүйелі түрде жүргізеді.
Мәселен, өткен 2023 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС энергетиктері 1057 километр 0,4-110кВ КАЖ, сондай-ақ 317 бірлік 6-10кВ ТШС (ЖТШС), 6-10кВ ОТП, 35-110кВ ШС шағын станцияларын күрделі жөндеуді, қайта салуды және техникалық жаңғыртуды орындады.
Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде 2023 жылы компания 6, 35, 110 кВ қолданымдағы желілерді, 110/35/10кВ «Ботаническая» шағын станциясын (35 кВ АТҚ), 110/6кВ «РТИ» шағын станциясын (110кВ АТҚ), сондай-ақ, 110кВ «КарГРЭС-2» – «Тентекская ТЭЦ» АЖ – 2,25 км және «КарГРЭС-2» - «Тентекская ТЭЦ» - 0,4 км 110кВ АЖ №113 тірегінен бастап «Городская» ШС дәнекерлеп 110 кВ АЖ қайта қоса отырып, 110/35/6 кВ Карагандашағын станцияларын қайта салу бойынша іс-шаралар мен жұмыстар кешені жүргізілді (2х40 МВА трансформаторлары бар 110-35 сұлбасы бойынша).
Сонымен қатар, 2023 жылы 110кВ АЖ қоректендіретін 110/10кВ «Новый Майкудук» шағын станциясының құрылысы жалғасты. 2024 жылы жоспарланған жұмыстарды аяқтау трансформаторлық қуаттың ұлғаюын қамтамасыз етеді және берілетін электр энергиясының сапасы мен сенімділігін жақсартады. Сондай - ақ ұзындығы 3,1 км 6(10) кВ КАЖ құрылысы аяқталды, РПБ-3 жылу жолына күрделі жөндеу жүргізілді.
2023 жылы ұзындығы 4,1 км 0,4кВ КАЖ, 26,91 км 6(10) кВ КАЖ, 110кВ «ГПП-1» – ПС «Сарань» АЖ тіректер мен сымдарды сатып ала отырып, қайта салынды.
Сондай-ақ, «Қарағанды Жарық» компаниясы 25 6(10) кВ ТШС (ЖТШС), кәсіпорын объектілеріндегі желілік жабдықты, серверлік жабдықты, ОТП-15 жабдығын (10 кВ май ажыратқыштарын вакуумдық ажыратқыштар ауыстыру), Қарағанды қаласында мониторинг, өлшеу, авариялық дабыл және 6/10 кВ SCADA төменгі деңгейлі байланысының ақпараттық-бағдарламалық кешен жабдықтарын, 474 байланыс жиынтығын, үш шағын станцияда (Долинка, Придолинка, Карабас) автоматты өрт дабылын, 8 бірлік көлемінде радиобайланыс жабдықтарын техникалық жаңғырту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.
Өткізілген іс-шаралармен қатар, «Тарифі инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 0,285 км 6(10)кВ КАЖ, 8,784 км 0,4кВ КАЖ, 35/10 кВ «Комаровская» шағын станциясы (10 кВ СЖТҚ) қайта салынды. Сондай-ақ, 6(10)кВ ТШС (ЖТШС) (9 ТШС, 99 ТШС, 424 ЖТШС), «Астаховка» шағын станциясының 110 кВ АТҚ жабдықтарын техникалық жаңғырту (110 кВ май ажыратқыштарын элегаздық ажыратқышқа ауыстыру) жүргізілді және 1,52 км 6(10)кВ КЖ салынды.
Жедел-жөндеу жұмыстарын орындау сапасын жақсарту мақсатында 5 бірлік көлемінде өтімділігі жоғары автоспецтехника сатып алынды.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, «Қарағанды Жарық» ЖШС қоршаған ортаны қорғау, электр беру желілері мен электр қондырғыларының сенімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар кешенін біртіндеп орындауда. 2023 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС инвестициялық салымдарының көлемі 10 млрд 966 млн теңгені құрады.
«Қарағанды Жарық» ЖШС негізгі мақсаты - Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының тұрғындарының электр энергиясы саласындағы қажеттілікті барынша қанағаттандыру. Барлық іске асырылып жатқан жобалар мен жүргізіліп жатқан жұмыстар тұтынушыларды одан әрі тұрақты және үздіксіз электрмен жабдықтауға бағытталған.