Skip to main content

«Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

   Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңде төтенше жағдайларға ден қоюға даярлау мақсатында 2024 жылғы ақпан айының 08-09 аралығында Абай ауданының аумағында «Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

    Оқу-жаттығу аясында «Қарағанды Жарық» ЖШС оқу-жаттығуды өткізуге және кіріспелерді пысықтауға дайындығын тексеру үшін Абай аудандық төменгі вольтті электр желілерінің (ААТВЭЖ) техникасы мен жеке құрамы жіберілді.

      Тексеру барысында жедел жеткізілімдер табеліне сәйкес құрылымдар мен күштердің функционалдық міндеттерді орындауға дайындығы туралы басқару органдары баяндамалар жасады.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ