Электр жабдығын тепловизиялық бақылау зерттеп-қарау оны пайдалану кезінде аварияларды болдырмаудың алдын алу шараларының ішіндегі ең тиімдісі болып табылады. Ол күштік желінің әртүрлі учаскелерінде көзге көрінбейтін ақауларды анықтау мақсатында жүзеге асырылады. Бұған қоса, ақаулықты табу оның қалыптасу кезеңінде орын алады, бұл уақытылы әрекет етіп, тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Осылайша, ықтимал авариялардан сақтана отырып, электр жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі артады.
Тепловизор – кез келген кернеудегі электр жабдықтары мен электр қондырғыларын қауіпсіз бақылау және диагностикалау үшін құрал. Тепловизиялық зерттеп-қараудың басты артықшылығы жабдықты ажыратпастан ақау туралы деректерді алу болып табылады, бұл ретте ақаулардың көптеген түрлері жүктемедегі жабдықтарда қызу (немесе болмауы) түйінде айқындалады.
Жалпы алғанда, электр жабдықтарын тепловизиялық зерттеп-қарау кез-келген электр қондырғыларына және олардың бөліктеріне қолданылады. Көбінесе мына объектілер:
• күштік трансформаторлар;
• автоматтар және соған ұқсас ажыратқыштар;
• түйіспелі қосылыстардың барлық түрлер және өзгелері көбірек зерттеп-қаралады.