Құрметті тұтынушылар!
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электр желілерін қалыпты пайдалану және жазатайым жағдайларды болдырмау үшін электр желілері объектілерінің айналасында күзет және санитариялық аймақтар белгіленеді,
«Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларына» сәйкес осы аймақтардың шегінде жұмыс жүргізетін заңды және жеке тұлғалар электр беру желілері мен жабдықтардың сақталуына жауапты болады.
«Қарағанды Жарық» ЖШС келісімінсіз келесі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынған:
* Электр беру желілерін, жолдар мен байланыс желілерін төсеу.
* Қазу-жару жұмыстары (арнайы шарттарсыз).
* Карьерлерді әзірлеу.
* Ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар салу.
* Тұрақтар, балалар алаңын немесе спорт алаңдарын ұйымдастыру.
* Мал қорасын, қыр орындарын, қоймаларды орналастыру.
* Материалдарды, отынды, жемді, шөпті жинау.
* Қоқыс үйінділерін, атыс алаңдарын, полигондарды орнату.
* Шөпті, бұтақтарды жағу, от жағу.
* Ағаштарды кесу және жасыл көшеттер отырғызу.
*ЖЖМ және белсенді химиялық заттардың тасталынуы.
Электр берудің кабельдік желілері:
* Кабель желілеріне 2 метр жақын жерде қадағалаусыз трассаларды немесе жерді қазу.
* Соққылау механизмдерін қолдана отырып жүргізілетін жер қазу жұмыстары.
* Шұңқырлар, шурфтар, ұңғымалар орнату.
Электр берудің ауа желілері:
* Автокрандарды, экскаваторларды және биіктігі 3 метрден асатын басқа да техниканы пайдалану.
* Электр беру желілері сымдарының астынан жоғары габаритті машиналардың өтуі.
* Биіктігі 5 м асатын жүктерді тас жолда немесе 3,5 м асатын жүктерді қатты жабынсыз жолдарда тасымалдау.
Бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық:
Бұзушылықтар анықталған кезде электр желілеріне қызмет көрсететін ұйымдардың лауазымды адамдары растайтын материалдарды (фото, схемалар, түсіндірме) қоса бере отырып акт жасайды және заңнамаға сәйкес шаралар қабылдайды. Құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 305-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Ереже мен өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін сақтаңыз!