Skip to main content

Назар аударыңыздар! Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар мен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тұтынушылар үшін.

 

Бұл хабарлама тұрмыстық тұтынушыларға (халыққа) қатысы жоқ.

 

Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар мен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тұтынушылар үшін.

 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне энергиямен жабдықтау саласындағы енгізілген өзгерістерге байланысты «Электр энергетикасы туралы» Заңның 7-1-бабына сәйкес тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың: «Расчетный сервисный центр» ЖШС, «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС, «ЭНЕРГОУГОЛЬ ХХI» ЖШС, «Adal Electro» ЖШС, сондай-ақ ішінара «Казэнергоцентр» ЖШС және «НураЭнергия» ЖШС энергиямен жабдықтау функциялары 01.01.2025 жылдан бастап «Қарағанды Жарық» ЖШС беріледі. Аталған компаниялармен жасалған энергиямен жабдықтау шарттары 01.01.2025 жылдан бастап жоғарыда аталған заңға байланысты жарамсыз болады.

Бастапқы кезеңде «Қарағанды Жарық» ЖШС тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды тоқтатпайды, энергиямен жабдықтау жария шарт шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Бірақ бұл ретте болашақта электр энергиясын алғысы келетін тұтынушылар «Қарағанды Жарық» ЖШС  01.01.2025 ж. дейін электрмен жабдықтау шарттарын жасасуы қажет. Тұтынушының электрмен жабдықтау шартын жасасу туралы өтініші болмаған кезде компания тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтату құқығын өзіне қалдырады (3-параграф. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары).

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың энергиямен жабдықтау шарттарын жасасуы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Энергиямен жабдықтауға арналған тарифтер 01.01.2025 ж. бастап жоғарыда аталған компаниялар үшін бекітілген тарифтерге сәйкес қолданылады.

 

Шарттарды жасасу мекенжайлары:

Қарағанды қ., Лобода көш., 35А-құрылыс

Шахтинск қ., Ленинградская көш., 69

Абай қ., Абай көш., 32А

Саран қ., Жеңіс көш., 28А

Теміртау қ., Республика даңғ., 41/3, 117-каб.

 

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ