Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 08 шілдедегі №121-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, 01.01.2025 жылдан бастап энергиямен жабдықтау функциялары энергия жеткізу ұйымдарына беріледі.
Осыған байланысты, 2025 жылдың қаңтар айында «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС «Қарағанды Жарық» ЖШС-не қосылу арқылы қайта ұйымдастыру рәсімі жүргізілмек.
Тұтынушылардан электр энергиясы үшін төлемді үздіксіз қабылдау мақсатында, «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС Сіздерге 01.01.2025 жылдан бастап төлемдерді төмендегі жаңа банктік деректемелер арқылы жүргізу қажеттігін хабарлайды:
«Қарағанды Жарық» ЖШС
БСН: 021140000722
ЖСК: KZ668562203142546786
Банк: «Банк ЦентрКредит» АҚ
БИК: KCJBKZKX
Сонымен қатар, «Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы рынокқа қызметтер көрсетудің Ережесін» орындау мақсатында (15-1 тармағына сәйкес), «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС-мен бұрын жасалған электрмен жабдықтау шартын қайтадан рәсімдеу қажет.
Шарт жасасу рәсімі Қарағанды қ., Лобода к-сі, 35А ғимараты, 201 кабинет мекенжайында жүргізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша бізге хабарласуыңызды сұраймыз.
Құрметпен, «Қарағанды Жарық» ЖШС