Өзгермелі талаптар жағдайында жұмыскерлердің біліктілігі мен кәсібилігін арттыру мақсатында 2025 жылғы 20 қаңтарда Теміртау аудандық төменгі вольтті электр желілері базасында ТАТВЭЖ 38 қызметкері оқудан өтті.
Сабақты ТЖ қызм. бастығы – К.А. Осипов, ТВЭЖ ШДҚ бастығы – В.А. Волков және ТАТВЭЖ бастығы – А.Г. Гурьев өткізді.
Оқыту барысында келесі тақырыптар қарастырылды:
- Электр қауіпсіздігі: заң талаптары, еңбекті қорғау, биіктікте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік.
- Қорғаныш құралдары: мақсаты, қолданылуы, оларды ұстау және бақылау.
- Алғашқы көмек: электр тогымен зақымданғанда жән өрт кезіндегі іс-әрекеттер, манекен-тренажерде практикалық жаттығу.
- Техникалық бақылау: 0,38-10кВ желілерін пайдалану, техникалық құжаттама, жабдықтың пайдалануға дайындығы.
- Электрмен жабдықтау: қабылдағыш категориялары, энергия берудің сенімділігі, кернеудің сапасы
- Жедел тәртіп: режимдерді басқару, техникалық жағдайды есепке алу, бұзушылықтарды жою
- Өрт қауіпсіздігі: алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт кезіндегі іс-қимылдар, диспетчерлермен өзара іс-қимыл.
- Экологиялық қауіпсіздік: өндірістің зиянды әсерін азайту.
- Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі: өртті анықтау жүйелері, сөндіру тәртібі
Оқытудан кейін персонал аралық аттестаттау өткізілді. Біліктілікті арттыру өзгермелі жұмыс жағдайларына бейімделуге және кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған.