Skip to main content

«Қарағанды Жарық» ЖШС тұрғындардан өтініш келіп түсті

    2024 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС Ленская көшесі, 10-үй тұрғындарынан өтініш берушінің үйіне іргелес жеке аумақта электр беру желісінің тірегінің болуына қатысты өтініш келіп түсті. Көпбалалы ана округте орналасқан жеке меншік үйлердің аумағы арқылы өтетін тіректі демонтаждау мәселесімен жүгінді.

   Аталған өтініш бойынша компания мамандары шығып, жұмыстарды жоспарлаған болатын. Шығындарды оңтайландыру нәтижесінде 2024 жылдың аяғында жұмыстарды орындау үшін қажетті материалдар сатып алынды. Желіні ауыстырғаннан бөлек, сымды ӨОС (өзін көтеретін оқшауланған сымдарға) ауыстырып, ескі желі жаңартылды, бұл электрмен жабдықтау сенімділігін едәуір арттырды. 

   Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде осы ауданда электрмен жабдықтау сапасы айтарлықтай жақсарып, желідегі кернеу деңгейі тұрақтанды. Қазіргі уақытта тұтынушыларды жаңа желіге ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Қайта қосу аяқталғаннан кейін өтініш берушінің ауласындағы ескі тірек демонтаждалатын болады.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ