«Энергетикалық жүйелер» кафедрасының оқытушылары 2025 жылдың 20 ақпанында «Қарағанды Жарық» ЖШС қызметкерлерімен кәсіби бағдарлау кездесуін өткізді. Іс-шара барысында университетке түсу ережелері, қабылдау шарттары егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ барлық білім беру бағдарламалары бойынша толық ақпарат берілді.
Энергетика саласындағы сұранысқа ие мамандықтарға, түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктеріне және кәсіби өсу перспективаларына ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар оқу процесіне, оқыту түрі және қол жетімді грант бағдарламаларына қатысты барлық сұрақтарға жауап алды.
Мұндай іс-шаралар болашақ талапкерлерге мамандықты саналы түрде таңдауға және білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктерді ашуға көмектеседі. «Қарағанды Жарық» ЖШС, атап айтқанда техникалық директордың орынбасары – Седлецкий Сергей Цезаровичқа уақыт бөлігені, ынтымақтастық және кәсіптік бағдарлау жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!