2025 жылғы 4 ақпанда Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде бірлескен ынтымақтастық аясында колледждің энергетикалық мамандықтар бойынша колледж студенттеріне арналған ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілді.
Оқу барысында келесі негізгі тақырыптар қарастырылды:
- Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025.
«Қарағанды Жарық» ЖШС оқу орындарымен жұмысшы кадрларының біліктілігін арттыру және жаңа біліктілік арттыру механизмдерін енгізу үшін өзара іс-қимылы. Лекция барысында қарастырылған маңызды мәселелер: қорғаныс құралдарын қолдану және сынақтан өткізу ережелері, электр тогынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, электр тогының әсерінен босату әдістері, сондай-ақ электр жабдықтарын жылу бейнелеу құралдары арқылы бақылау жүргізу.
- Электр қауіпсіздігі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау, сондай-ақ биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын орындау.
- Қорғаныс құралдарын қолдану және сынақтан өткізу ережелері. Жалпы ережелер, қорғаныс құралдарының мақсаты мен қолдану саласы, оларды пайдалану, күту және жай-күйін бақылау тәртібі, сондай-ақ қорғаныс құралдарын есепке алу және оларды қолданудың жалпы ережелері.
- Практикалық дағдыларды пысықтау үшін манекен-тренажерді пайдалана отырып, ҚбАТВЭЖ 416 ҚЖТҚС 0,4кВ ТҚ электр қондырғыларында электр тогымен зақымданы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету және зардап шегушіні электр тогының әсерінен босату.
Практикалық бөлім манекен-тренажерде оқытуды қамтыды. Студенттер жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияда (ЖТҚС) жәбірленушіні құтқару бойынша жарыстарға қатысып, жәбірленушіні электр тогының әсерінен қауіпсіз босату, алғашқы медициналық көмек көрсету және электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау дағдыларын көрсетті. Жарыс теориялық білімді нақты жағдайда практикада бекітудің өзгеше тәсілі болды.
Іс-шара қатысушылармен бірге естелік фотомен аяқталды және студенттер «Қарағанды Жарық» ЖШС жұмысқа орналасуға шақырту алды.