2025 жылғы 8-9 сәуірде «Қарағанды Жарық» ЖШС референс-сапармен Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігінің, сондай-ақ «Қырғызстан ұлттық электр тармақтары» ААҚ филиалдарының бірі, ЧүйЭТИ (Чүй электр тармактар ишканасы) өкілдері келді.
Сапар барысында мамандар «Қарағанды Жарық» ЖШС электр энергетикалық кәсіпорында 1С платформасы базасында ERP-жүйесін енгізу бойынша тәжірибесімен танысты. Бизнес-процестерді автоматтандыру жобасын іске асырудың негізгі кезеңдері, жүйені кәсіпорынның қажеттіліктеріне бейімдеу ерекшеліктері, сондай-ақ қызметті цифрландырудың қол жеткізілген нәтижелері мен оң әсерлері толық қарастырылды.
Сапар бағдарламасы аясында делегация кәсіпорынның құрылымдық қызметтеріне барып, колл-орталықтың жұмысымен танысты, сондай-ақ «Ботаническая» қосалқы станциясына барып, кәсіпорынның техникалық қамтамасыз етілуі мен жедел қызметі туралы практикалық түсінік алды.
Қырғыз делегациясы тарапы «Қарағанды Жарық» ЖШС мамандарының даярлығы мен құзыреттілігінің жоғары деңгейін, сондай-ақ білім мен тәжірибемен ашық алмасуға дайындығын атап өтті. Алынған ақпарат «Қырғызстан ұлттық электр тармақтары» ААҚ филиалдарының бірі, ЧүйЭТИ (Чүй электр тармактар ишканасы) пилоттық ERP-жүйесін енгізу жөніндегі жобаны табысты іске асыру үшін маңызды негіз болатыны анық.