Құрметті, Қарағанды қаласының тұрғындары!
Электр энергиясы әрқайсымыздың өмірімізде маңызды рөл атқарады. Ол көшелер мен үйлерді жарықтандырады, кәсіпорындардың, көлік пен тұрмыстық техниканың жұмысын қамтамасыз етеді. Алайда, электр энергиясының барлық артықшылықтарына қарамастан, электр энергиясы қарапайым электр қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтындар үшін қауіп төндіреді. Трансформаторлық қосалқы станциялар үнемі жоғары кернеуде жұмыс істейді.
Түрлі қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында ата-аналарды балаларымен сөйлесуге, трансформаторлық қосалқы станциялар, электр беру желілері және басқа да электр қондырғылары ойын алаңы немесе қызығушылық тудыратын орын емес екенін түсіндіруге шақырамыз. Трансформаторлық қосалқы станцияларға кіруге қатаң тыйым салынады және олар аса қауіпті болып табылады.
Барлық қала тұрғындарынан қырағылық танытуларыңызды сұраймыз. Егер сіздер трансформаторлық қосалқы станциялардың есігі ашық екенін, қоршаулары зақымдалғанын немесе энергетика объектілерінің жанында күдікті адамдар жүргенін байқасаңыздар компанияның Call орталығына: 50-60-70; 8 775 007 24 99 телефон нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыздар.
Электр энергиясы қателікті кешірмейді.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Электр қауіпсіздігі – өміріңіздің кепілі.