«Қарағанды Жарық» ЖШС 2025 жылғы 30 сәуірде Қарағанды жоғары политехникалық колледжі базасында өткен «Еңбек нарығының болашағы: жаңа мамандықтар бойынша мамандарды даярлау» тақырыбындағы сараптамалық сессияға қатысты. Компания атынан сөз сөйлеген тарату желілері қызметінің бастығы Константин Анатольевич Осипов энергетика саласындағы қазіргі заманғы сын-қатерлер мен болашақ мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптар туралы өз пікірін білдірді.
Іс-шараның мақсаты – еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыратын талаптары жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту бойынша бірлескен шешімдерді іздеу. Талқылауға жергілікті атқарушы органдардың, білім беру ұйымдарының және бизнес өкілдері қатысты.
Еңбек нарығының болашағы жаңа мамандықтар бойынша мамандарды даярлау
Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ