2025 жылғы 2 маусымда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары «Қарағанды Жарық» ЖШС-не танымдық экскурсияға келді.
Кездесу барысында электр қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тарату желілері қызметінің басшысы Константин Осипов электр қуатымен қауіпсіз жұмыс істеудің негіздерін қызықты әрі түсінікті түрде айтып берді.
Балаларға шынымен қызық болды: олар белсенді түрде талқылауға қатысты, сұрақтар қойып, оқыту ойындарын ойнап, викторина сұрақтарына қуана жауап берді. Әсіресе трансформаторлық қосалқы станциялар жанындағы мінез-құлық ережелері мен тоқ соққанда не істеу керектігі есінде жақсы қалды.
Соңында балалар «Қарағанды Жарық» ЖШС мамандарына пайдалы, интерактивті және қызықты сабақ үшін алғыс айтты!