Skip to main content

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру

Қарағанды облысының Саран қаласында электр желілік шаруашылықтың сенімділігін арттыру және техникалық жай күйін жақсарту жөніндегі бағдарлама аясында трансформаторлық қосалқы станцияларды техникалық жаңғырту жүргізілді №1, 2, 26, 29, 36, 40, 41, сондай-ақ РСУ, РУС және ПФЛ нысандары. 

Жұмыс барысында келесі іс-шаралар іске асырылды:

ескірген ТМ типті майлы күштік трансформаторларды қуаты ұлғайтылған заманауи герметикалық ТМГ трансформаторларына ауыстыру жүргізілді;

трансформаторлық қосалқы станциялардың құрылыс бөлігіне жөндеу жүргізілді: 

сылақ жұмыстары, қабырғаларды әктеу және сырлау, есіктерді сырлау жұмыстары жүргізілді;

 ішкі жарықтандыру жүйесі жөнделді. 

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі:

тұрғын үйлер мен инфрақұрылым объектілерін электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру;

желілердегі авариялық жағдайлар мен технологиялық шығындар тәуекелдерін азайту;

жабдықтың жалпы техникалық жағдайын жақсарту; объектілердің қауіпсіздік деңгейін және эстетикалық жай-күйін арттыру. 

Жобаны жүзеге асыру қаланың тұрақты және заманауи электрмен жабдықтау жүйесін құрудағы тағы бір қадам болды.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ