2025 жылдың 13 тамызда «Қарағанды Жарық» ЖШС электр энергиясын бөлшек саудада сату бағасын өзгертуге қатысты компанияның өтінімін қарау бойынша жария тыңдаулар өтті.
Қарағанды облысының Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті "Қарағанды Жарық" ЖШС өкілдерінің, депутаттардың, қоғамдық белсенділер және өңір тұрғындарының қатысуымен жария тыңдаулар өткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының» 3-тармағына сәйкес, бұдан әрі № 36 қағидаларға сәйкес, "Қарағанды Жарық" ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне электрмен жабдықтау бағасының жоғары көтеруін негіздей отырып, алдағы уақытта электрмен жабдықтау бағасының көтерілуі туралы ақпарат береді.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі №121-8 Заңына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап энергиямен жабдықтау жөніндегі функциялар энергия беруші ұйымдарға берілді.
2024 жылғы 19 желтоқсанда "Қарағанды Жарық" ЖШС электр энергиясын энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алу қызметі түріне лицензия алды.
Бүгінгі таңда электрмен жабдықтау қызметі Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Абай және Бұқар Жырау аудандары және Қарағанды облысының 90-нан астам ауылдары мен елді мекендерінде көрсетіледі.
Осы қызметті көрсету үшін қалалар мен аудан орталықтарында 9 абоненттік учаске жұмыс істейді. Қызметкерлердің нормативтік саны-369 адам.
"Қарағанды Жарық" ЖШС негізгі мақсаттары мен міндеттері: бұл
- тұтынушыларды электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету;
- тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру;
-тұтынушыларға қызмет көрсету барысында ақпараттық технологиялардың жетістіктерін қолдану.
№ 36 Қағиданың 48-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа шекті баға келісілгенге дейін өз қызметін жүзеге асыратын электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы субъект осы қызметін 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асыратын субъектінің белгіленген шекті бағасын қолданады.
Қазіргі уақытта Компания бұрынғы ЭЖҰ тұтынушыларын қабылдады, бұл
"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС
" Расчетный сервисный центр" ЖШС
"Энергоуголь ХХІ" ЖШС
"Адал электро" ЖШС
"Казэнергоцентр" ЖШС
Тыңдау барысында "Қарағанды Жарық" ЖШС өкілдері хабарлама беру себептерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Негізгі факторлар:
1. Электр энергиясын сатып алу шығындарының өсуі;
2. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша "KEGOC" АҚ қызметтеріне тарифтің өсуі;
3. Электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру үшін тарифті өсіру;
4. Энергия беруші ұйымдардың тарифтерін өсіру;
5. Электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету қызметіне бағаны өсіру;
6. Шығындарды өтеу қажеттілігі;
7. Электр энергиясын өткізу көлемінің өсуі;
8. Жабдықтау компонентін қайта қарау.
9. Тұтынушылар топтары бойынша бірыңғай бағаға келтіру.
Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы өтінім мұқият қаралатынын, ал тариф бойынша түпкілікті шешім белгіленген тәртіппен ақпаратты міндетті түрде халыққа жеткізе отырып қабылданатынын атап өтті.