Skip to main content

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде кадрларды мақсатты даярлау

2026 жылғы 20 қаңтарда КМКҚ «Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде» «Қарағанды Жарық» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Сапар барысында тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келіссөздер жүргізді. Негізгі назар энергетика саласының өзекті қажеттіліктері мен заманауи өндіріс талаптарын ескере отырып, кәсіпорынның мақсатты тапсырысы бойынша білікті мамандарды даярлау мәселелеріне аударылды.

Кездесуге қатысушылар өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарын, оның ішінде білім алушылардың практикалық даярлығын ұйымдастыру, жұмыс беруші өкілдерінің білім беру үдерісіне қатысуы, сондай-ақ колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру перспективаларын талқылады.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ