2025–2029 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында 35/10 кВ «Новый Майкудук» қосалқы станциясынан 110/10 кВ «Жаңа Майқұдық» қосалқы станциясына кабель желілерін қайта қосу жұмыстары жүргізілуде. Әрбір фидер бойынша қосалқы станциядан алғашқы трансформаторлық қосалқы станцияларға дейінгі кабельдер ауыстырылуда.
✅ 2025 жылы №31, 32, 22 және 14 фидерлер бойынша кабель желілері ауыстырылды.
🔧 2026 жылы жұмыстарды жалғастыру жоспарланған — №3, 4, 6, 7, 8, 19, 20 және 21 фидерлер бойынша кабельдерді қайта қосу жүзеге асырылады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және ауданның энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.