Skip to main content

Саран қаласындағы энергообъектілеріне мониторинг жүргізілді

2025–2026 жылдарға арналған жөндеу науқаны аясында «Қарағанды Жарық» нысандарында «Саран» қосалқы станциясынан шығатын №17 фидердің 6 кВ әуе электр беру желісін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, яғни қолданыстағы желі қорғалған сымы бар әуе желісіне (ВЛЗ) ауыстырылуда. Қазіргі уақытта 320 тіректің 250-і орнатылды.

Сонымен қатар 10 трансформаторлық қосалқы станцияда трансформаторлардың қуаты ұлғайтылды. Бұрын жұмыс істеп тұрған екі ТП-ның қызметін біріктірген жаңа жинақталған трансформаторлық қосалқы станция орнатылды.

Ағымдағы жылы ЦРП-2-ні заманауи вакуумдық ажыратқыштарды орната отырып жаңғырту жоспарланған.

Бұдан бөлек, Саран қаласының электр желілерін толық жаңғырту жобасы әзірленді, оны іске асыру 2027 жылға дейінгі екі жыл ішінде жоспарланған. Қала әкімдігі балансқа қабылданған иесіз электр желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кейін оларды «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің басқаруына беру жұмыстарын жүзеге асыруда.

2025–2026 жылдары СИП 4×95 қолдана отырып шамамен 12 км. тарату желілері салынды және жаңғыртылды, электр беру желілерінің 198 тірегі орнатылды, сондай-ақ 396 абонентті қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар «Саран» қосалқы станциясынан алғашқы тіректерге дейінгі 6 кВ кабельдік желілердің 2,64 км учаскесі ауыстырылды.

Халықты электрмен жабдықтау сенімділігін одан әрі арттыру мақсатында қала әкімдігі Доковская көшесі бойындағы электр желілерін салу және қайта жаңғырту, Горняк шағын ауданындағы желілерді жаңғырту, Финский кентіндегі тарату желілерін дамыту, сондай-ақ П-106 ауданында электрмен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Жөндеу жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда болады. Аталған іс-шараларды іске асыру қала тұрғындарын электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын айтарлықтай арттыруға, сондай-ақ инфрақұрылымды одан әрі дамыту мен жаңа тұтынушыларды қосу үшін қажетті қуат резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ