Skip to main content

Халықаралық инвесторлар ҚКЖ компаниялар тобының Қарағанды облысындағы энергетикалық кәсіпорындарының жұмысымен танысты

Қытай мен Гонконгтан келген халықаралық инвесторлар мен қаржы институттарының өкілдерінен құралған делегация «Қазақстан коммуналдық жүйелері» (ҚКЖ) компаниялар тобына кіретін «Караганда Энергоцентр» ЖШС және «Қарағанды Жарық» ЖШС нысандарында болды.

Делегация құрамына Prudence, Fountainhead Partners, Lux Aeterna Capital Limited, Bank of Xinjiang, China International Capital Corporation (CICC), EIP және Minsheng Bank инвестициялық компаниялары мен қаржы ұйымдарының өкілдері кірді. Жалпы таныстыру сапарына инвестициялық қауымдастықтың 12 өкілі қатысты.

«Караганда Энергоцентр» ЖШС нысандарында инвесторлар электр және жылу энергиясын өндірудің технологиялық үдерісін көрді. ЖЭО-3-ке сапар барысында қонақтар қазандық және турбиналық цехтарды аралап, негізгі генерациялаушы жабдықтардың жұмысын, жөндеу науқанының барысын және өндірістік қуаттарды жаңғырту жоспарларымен танысты.

«Қарағанды Жарық» ЖШС-не сапар кезінде инвесторларға компанияның инвестициялық бағдарламасының негізгі бағыттары ұсынылды. Ерекше назар «Жаңа Майқұдық» қосалқы станциясына аударылды. Мұнда сапарға қатысушылар ашық тарату құрылғысының және 10 кВ жабық тарату құрылғысының (ЖТҚ) жұмысымен танысты. Кәсіпорын мамандары электр желісі жабдықтарын нақты уақыт режимінде жедел бақылау мен басқаруды қамтамасыз ететін SCADA жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетті.

Сапар шетелдік инвесторларға Қарағанды облысындағы энергетикалық кәсіпорындардың қызметі туралы жан-жақты түсінік алуға мүмкіндік берді. Қонақтар энергия кәсіпорындарындағы өндірістік үдерістердің жоғары деңгейін, энергетикалық нысандарды жаңғыртуға бағытталған жүйелі тәсілді, сондай-ақ генерациялаушы және желілік қуаттарды дамыту бойынша іске асырылып жатқан жобаларды жоғары бағалады.

Инвесторлар өңірдің сенімді энергиямен жабдықталуын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның энергетика саласының инвестициялық әлеуетін одан әрі зерделеуге қызығушылық танытты.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ