Skip to main content

Қарағандыда №178 трансформаторлық станциясының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС-нің құрамына кіретін «Қарағанды Жарық» ЖШС  мамандары  №178 қуаты 10/0,4 кВ трансформаторлық станциясының күрделі жөндеуін аяқтады.

Жөндеу жұмыстары барысында электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіз жұмысын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылды:

🔹 10 кВ жүктеме ажыратқыш орнатылды;

🔹 400 А тездеткіш-ажыратқыш орнатылды;

🔹 10 кВ жоғары вольтты сақтандырғыштар ауыстырылды;

🔹 400 А  сақтандырғыштар 250 А-ға ауыстырылды;

🔹 контакттық қосылыстар тексерілді және тартылды;

🔹 жабдық шаң мен ластанудан тазаланды.

Күрделі жөндеу станцияның жұмысын сенімдірек етуге, технологиялық бұзушылықтар қаупін азайтуға және тұтынушыларды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қарағанды Жарық» ЖШС электр  жабдықтарын жөндеу және жаңарту бағдарламасын тұрақты түрде жүзеге асырып, Қарағанды облысының тұрғындарының электрмен жабдықтау сапасы мен сенімділігін арттыруға үлес қосуда.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ