Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында ҚКЖ компаниялар тобына кіретін «Қарағанды Жарық» ЖШС «Жосалы» қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінгі таңда келесі жұмыстар орындалды:
✔️ 10 кВ кернеулі кешенді сыртқы орнатылатын тарату құрылғысының (КРУН) бір бөлігі ауыстырылды;
✔️ 35 кВ күштік трансформаторға арналған іргетас орнатылды;
✔️ 35 кВ ашық тарату құрылғысындағы (АТҚ) аспалы оқшаулағыш шина (ИСШ) жабдығы ауыстырылды.
Қазір мамандар күштік трансформаторды орнатуға дайындық жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ нысанның сыртқы қоршауын монтаждауда.
Жобаны іске асыру электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, жабдықтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және электр желілерін одан әрі дамыту үшін резерв қалыптастыруға мүмкіндік береді.
📅 Қайта жаңғырту жұмыстарын 2026 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланған.