Skip to main content

"Қарағанды Жарық" ЖШС Оқу орталығында компания қызметкерлері үшін эмоционалды тұрақтылық пен кәсіби дағдыларды дамытуға арналған мамандандырылған курс басталды

Оқыту аясында қатысушылар:

жұмыс жағдайларында эмоционалды тепе теңдікті сақтау әдістерін игерді;

салауатты жеке шекараларды құруды үйренді;

клиенттермен және әріптестермен өзара іс-қимыл кезінде жанжалдарды тиімді шешу үшін практикалық құралдармен таныстырылды.

 

Бағдарлама компания жұмысының ерекшелігін ескере отырып әзірленген және ұжымда қолайлы атмосфера құруға, қызметкерлердің стресске төзімділігін арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

 

Қызметкерлердің психологиялық әл — ауқатына қамқорлық жасау табысты және тиімді жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі екеніне сенімдіміз. Сондықтан ыңғайлы жұмыс ортасын құру және эмоционалды тұрақтылық дағдыларын дамыту біздің басымдықтарымыздың бірі болып қала береді.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ