Skip to main content

«Қарағанды Жарық» Ұлттық жоба аясында өңірдің электр желілерін жүйелі жаңғыртуда

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» (ҚКЖ) компаниялар тобына кіретін «Қарағанды Жарық» ЖШС-і Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы аясында Қарағанды облысының электр желілік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңартуда.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев өңірге жұмыс сапары барысында компания жүзеге асырып жатқан жобалардың барысымен танысты.

Вице-премьерге ұлттық жоба аясындағы төрт нысан бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды:

-«Жосалы» 35/10 кВ қосалқы станциясы;
-«РТИ» 110/6 кВ қосалқы станциясы;
-«Астаховка – Шоқай» 110 кВ әуе электр беру желісі;
-«ГРЭС-2 – Қарағайлы» 110 кВ әуе электр беру желісі.

Бұл жобалар ҚКЖ компаниялар тобының өңірлердегі энергетикалық инфрақұрылымды жүйелі жаңарту жөніндегі кешенді жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Нысандарды жаңғырту электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, желілік кешеннің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және өңірдің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік береді.

 

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ