Пришахтинск қаласында Электржелілік шаруашылықты жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Бағдарлама аясында ҚКЖ тобына кіретін "Қарағанды Жарық" ЖШС мамандары тозған электр беру желілерінің тіректерін жаңаларына ауыстыруды жүргізуде.
Желілік инфрақұрылымды жаңарту Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын, сондай-ақ электр желілерін пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңмен орындалады. Электржелілік шаруашылық объектілерін жаңғырту ҚКЖ мен оның кәсіпорындарының инфрақұрылымды жаңарту және тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасын арттыру жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.