«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» компаниялар тобына кіретін «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің Абай ауданындағы төмен кернеулі электр желілерінде жедел персоналдың жұмысына цифрлық шешімдер кезең-кезеңімен енгізілуде.
Техникалық сызбалар мен жұмыс нұсқаулықтары бірыңғай электрондық тізілімге көшірілуде. Соның арқасында мамандар планшеттер мен жұмыс станциялары арқылы өзекті құжаттамаға жедел қол жеткізе алады.
Цифрландыру наряд-рұқсат беру жүйесін де қамтиды. Наряд-рұқсаттарды келісу және беру арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Жүйеде қызметкерлердің біліктілігін автоматты түрде тексеру және электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану қарастырылған.
Цифрлық құралдарды енгізу жұмыс орындарын дайындау және персоналды жұмысқа жіберу рәсімдерін жеделдетуге, белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуге, сондай-ақ өндірістік процестерді неғұрлым ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік береді.