Skip to main content

Жөндеу науқанының күнделігі

«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» (ККС) компаниялар тобына кіретін «Қарағанды Жарық» ЖШС мамандары электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгін келесі жұмыстар атқарылды:

⚡ Фидерде — электр беру желісінің шығатын желісінде:
— техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді;
— қимасының ауданы үлкен АС-50 маркалы сымға ауыстыру жұмыстары орындалды. Бұған дейін АС-35 маркалы алюминий-болат сымы қолданылған.

🔌 №1049 комплектілі трансформаторлық қосалқы станцияда (КТП):
— күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— рубильник ауыстырылды;
— түйіспелі қосылыстарға тексеру жүргізілді;
— күштік трансформаторға трансформатор майы толықтырылды.

Жоспарлы жөндеу жұмыстары электр жабдықтарын жарамды күйде ұстауға, электр желілерінің жұмыс сенімділігін арттыруға және тұтынушыларды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ