Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының (бұдан әрі – № 36 Қағидалар) 3-тармағына сәйкес, «Қарағанды Жарық» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Департаментіне бағаны көтеру себептерінің негіздемесін көрсете отырып және негіздемелік материалдар мен құжаттарды қоса бере отырып, 2026 жылғы 1 қарашадан бастап электрмен жабдықтау бағасының алдағы көтерілуі туралы ақпарат ұсынды.
Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағасының көтерілуінің негізгі себебі – 2026 жылғы 15 шілдеден бастап «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС (Бірыңғай сатып алушы) электр энергиясын сатып алу, энергия беруші ұйымдардың желілері арқылы электр энергиясын беру тарифтерінің және «Қарағанды Жарық» ЖШС бағасының құрылымына кіретін көптеген қызметтер бағаларының өсуі, сондай-ақ электр энергиясын сатып алуға бекітілген шығындар мен нақты шығындар арасындағы айырманың ұлғаюы нәтижесінде келтірілген шығындар болып табылады.
№ 36 Қағидалардың 16-тармағының 2-бөлігінде электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы субъектіде келісілген шекті бағада ескерілген электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру және (немесе) ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі шығыстардың және электр энергиясын сатып алу, беруге және (немесе) ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі нақты шығыстардың арасындағы айырманың ұлғаюы нәтижесінде шығын пайда болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі электр энергетикасы саласындағы субъектінің ақпаратын қарау кезінде туындаған шығындарды ескере отырып, шекті бағаны түзететіні көзделген.
Қазіргі уақытта электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағасын көтеру туралы өтінім Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Департаментіне қаралуда.