Skip to main content

Электрмен жабдықтау сенімділігі тұрақты техникалық қызмет көрсетуден басталады

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» (ҚКЖ) компаниялар тобына кіретін «Қарағанды Жарық» ЖШС мамандары № 2130 трансформаторлық қосалқы станциясының жабдықтарына жоспарлы ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс барысында энергетиктер профилактикалық және қалпына келтіру шараларын жүзеге асырып, анықталған ақауларды жойды және жабдықтардың мерзімінен бұрын тозуының алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдады.

Тұрақты техникалық қызмет көрсету жабдықтардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге, апаттық жағдайлардың туындау қаупін азайтуға және тұтынушыларды электр энергиясымен тұрақты жабдықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тұтынушылардың өтінімдері бойынша кәсіпорын мамандары электр беру желісінің тірегін ауыстырды.

 

 

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ