«Қазақстан коммуналдық жүйелері» (ҚКЖ) компаниялар тобының құрамына кіретін «Қарағанды Жарық» ЖШС мамандары № 2194 және № 263 трансформаторлық қосалқы станциялардың жабдықтарына ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар кешенін жүргізді.
№ 2194 трансформаторлық қосалқы станцияда жабдықтарға ағымдағы жөндеу жүргізіліп, түйіспелі қосылыстар тексерілді, ішкі үй-жайлардың қабырғалары мен төбелері шаңнан тазартылды. Сондай-ақ күштік трансформаторға трансформатор майы қосымша құйылды.
№ 263 трансформаторлық қосалқы станцияда мамандар түйіспелі қосылыстарды тексеріп, ішкі үй-жайлар мен трансформатор камераларын шаңнан, ластанудан және май қалдықтарынан тазартты. Сонымен қатар ПН-2 типті және 6 кВ кернеуге арналған ПКТ сақтандырғыштары ауыстырылып, трансформаторға май қосымша құйылды және сыртқы есіктердің бояуы жаңартылды.
Жоспарлы жөндеу-профилактикалық жұмыстар жабдықтардың техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге, ықтимал ақаулардың алдын алуға және апаттық ажыратулар қаупін төмендетуге бағытталған.