«Қарағанды Жарық» ЖШС («ҚЖ» немесе «Компания») Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысында өз электр желілерін жаңғыртуды жоспарлап отыр («Жоба»). Компания Еуропалық қайта құру және даму банкінен («ЕҚДБ» немесе «Банк») Жоба үшін қаржыландыруды тарту мүмкіндігін қарастырады.
Жоба «Қарағанды Жарық» ЖШС Қазақстанның энергетика және коммуналдық секторларын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобасы (2025–2029 жылдар) шеңберінде ұсынған іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады. Ол қолданыстағы тозған 110 кВ әуе электр беру желісінің екі учаскесін реконструкциялауды, үш қосалқы станцияны техникалық жаңғыртуды, Шахтинск қаласы мен Қарағанды қаласының Сортировка ауданындағы электр желілерін реконструкциялауды және Қарағанды қаласындағы электр энергиясын автоматтандырылған есепке алу жүйесін жаңғыртуды қамтиды.
Осы құжат Жобаның техникалық емес түйіндемесі (ТЕТ) болып табылады. Онда Жоба, оның күтілетін экологиялық және әлеуметтік пайдалары мен әсерлері, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтардың, билік органдарының және басқа да мүдделі тараптардың мәліметтері үшін Компанияның оларды қалай басқаруды жоспарлауы қарапайым тілде сипатталған.
ЕҚДБ 2024 жылғы Экологиялық және әлеуметтік саясатына (ЭӘС) сәйкес Жобаны «B» санатына жатқызды және Жобаға жүргізілген тәуелсіз экологиялық және әлеуметтік кешенді бағалау бұл санаттың дұрыстығын растады. Әуе желілерінің учаскелерінде қолданыстағы 110 кВ желі оның қолданыстағы дәлізі шегінде ауыстырылып, одан әрі 110 кВ кернеуде пайдаланылатын болады. Әлеуетті қолайсыз экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер мен әсерлер негізінен жергілікті сипатта болады, көбіне қайтымды және халықаралық үздік салалық тәжірибені (ХҮСТ), тиісті жобалық шешімдер мен басқару шараларын қолдану арқылы болдырылуы немесе азайтылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысындағы «Қарағанды Жарық» ЖШС тарату электр желілерін жаңғырту бағдарламасы: Техникалық емес түйіндеме
Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ