Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне энергиямен жабдықтау саласындағы енгізілген өзгерістерге байланысты «Электр энергетикасы туралы» Заңның 7-1-бабына сәйкес Қарағанды қаласын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі функциялар «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС «Қарағанды Жарық» ЖШС көшті.
Осыған байланысты тұрмыстық тұтынушыларда да, заңды тұлғаларда да электр энергиясын төлеу бойынша сұрақтар туындады. Тұрмыстық тұтынушылар үшін мобильді қолданбалар арқылы төлем тәртібі өзгеріссіз қалғанын және өзгерістер қарастырылмағанын хабарлағымыз келеді. Төлем процесі оңай және ыңғайлы болып қала бермек. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды қаласының тұрғындары электр энергиясы үшін төлемді «Қарағанды Жарық» ЖШС энергия беруші компаниясына төлейтін болады.
Қала тұрғындары электр энергиясы үшін шотты бірнеше тәсілмен төлей алады, олардың ішінде ең танымалы «Kaspi.kz» қолданбасын пайдалану болып танылады. Ол үшін:
-
«Kaspi.kz» қолданбасын ашу;
-
«Төлемдер» бөліміне өту;
-
«Бірыңғай төлем құжатын» таңдау қажет;
-
Егер бұл жаңа құрылыс болса, дербес шотты енгізу керек, ал егер Сіз бұрын төлеген болсаңыз, онда төлем шоты автоматты түрде шығады.
Сондай-ақ, электр энергиясы үшін Қарағанды қаласының «Единый расчетный центр коммунальных услуг» кассалары арқылы келесі мекенжайлар бойынша:
-
Ерубаев көш., 44/2;
-
Архитектурная көш., 40;
-
Степной 3 ш/а, 3-үй;
-
Зелинский көш., 24/1;
-
Halyk Bank мобильді қолданбасы;
-
Және «Қарағанды Жарық» ЖШС Лободы 35А мекенжайындағы кассасы арқылы төлеуге болады.
Бұдан бөлек, келесі тәсілдер қолжетімді:
-
«Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшелері.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қарағанды қаласының тұрғындары бірыңғай төлем құжатын алды. Құжатта тек компания атауы бар жол ғана: «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС «Қарағанды Жарық» ЖШС өзгертілді. Дербес шот өзгеріссіз қалды.
Тұрмыстық тұтынушыларды (халықты) энергиямен жабдықтау жария шарт шеңберінде жүзеге асырылатын болады, «Қарағанды Жарық» ЖШС жеке шарт жасасу талап етілмейді.
Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылар шарт жасау үшін «Қарағанды Жарық» ЖШС шарт бөліміне төмендегі мекенжай бойынша жүгінуі керек:
Қарағанды қ., Лобода көш., 35А, 201-кабинет.
Байланыс телефондары: 98 00 42, 98 00 47, 98 00 49.
Тұрмыстық емес тұтынушылардан электр энергиясы үшін төлемдерді үздіксіз қабылдау мақсатында төлемдерді төмендегі банктік деректемелер бойынша төлеу қажет.
«Қарағанды Жарық» ЖШС
БСН 021140000722
ЖСК KZ668562203142546786
«Банк ЦентрКредит» АҚ
БСК KCJBKZKX
Теміртау қаласының тұтынушылары шарт жасасуға және тарифтерге қатысты барлық мәселелер бойынша Республика даңғылы 41/3, 117-кабинет мекенжайы бойынша жүгіне алады.
Электр энергиясы бойынша есептеулерге байланысты барлық мәселелер бойынша тұтынушылар «Қарағанды Жарық» ЖШС келесі учаскелеріне жүгіне алады:
• Орталық учаскесі, Қарағанды қ., Лобода көш., 35А, 123-кабинет, тел.: 98-00-05, 98-00-71.
• Оңтүстік-Шығыс учаскесі, Степной, 3 ш/а, 3-үй, тел.: 98-00-07, 98-00-72, 98-00-73.
• Майқұдық учаскесі, Архитектурная көш., 40, тел.: 98-00-06, 98-00-75.
• Пришахтинск учаскесі, Зелинский көш., 24/1, тел.: 98-00-08, 98-00-78.
Сонымен қатар, электр энергиясына байланысты барлық мәселелерді жедел шешу үшін тұтынушылар тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін «Қарағанды Жарық» ЖШС Call-орталығына жүгіне алады.
Біздің операторлар:
• Есепке алу аспаптарын тексеруге және оларға қызмет көрсетуге, сондай-ақ ажыратуға немесе пломбалауға өтінімдер қабылдайды;
• Жоспарлы жұмыстар мен электр энергиясын қалпына келтіру мерзімдері туралы ақпарат береді;
• Энергиямен жабдықтау жөніндегі барлық мәселелер бойынша кеңестер беріп, көмек көрсетеді.