Skip to main content

«Қарағанды» қосалқы станциясын реконструкциялау жалғасуда

Инвестициялық бағдарлама аясында «Қарағанды Жарық» ЖШС «Қарағанды» қосалқы станциясын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаны жүзеге асыру мерзімі — 2023 жылдан 2027 жылға дейін.

Қазірге дейін атқарылған жұмыстар:

  • 110 кВ ОРУ аумағының жоспарлануы жүргізілді;
  • 6 кВ ЗРУ үшін жаңа ғимарат салынды;
  • 110 кВ ОРУ реконструкциялау жұмыстары жүргізілді;
  • CHINT өндірісінің заманауи 110/35/6 кВ трансформаторы орнатылды.

Қазіргі уақытта не істеліп жатыр:
35 кВ ОРУ реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.

2026 жылға жоспарлар:
Ескі 6 кВ ЗРУ ғимаратынан жаңа ғимаратқа тұтынушыларды көшіру.

Қосалқы станцияны жаңғырту Қарағанды тұрғындары үшін электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді ⚡

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ